×

Миллиардтар бөлінді, бірақ не техника, не адам жоқ: Алматы әкімі мердігерлерді қатаң сынға алды

Алматыда 38 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын алған мердігер ұйымдар жұмысты кешіктіріп, қазылған жолдарды қалпына келтірмей отыр

Миллиардтар бөлінді, бірақ не техника, не адам жоқ: Алматы әкімі мердігерлерді қатаң сынға алды

Бұл туралы мегаполис әкімі Дархан Сатыбалды компаниялардың құрылтайшыларымен өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол қалалық жобаларға формалды қарауға жол берілмейтінін атап өтті.

«Бірдей көрініске куәміз: жоспарланған 15 техника мен ондаған жұмысшының орнына нысандарда бір-екі ғана машина мен бірнеше адам тұр. Тұрғындар жолдың ойылып қалуы, шаң, кір және қайта қалпына келтірілмеген аумақтар туралы шағымдануда. Бұл жұмыс емес – бұл жауапсыздық», – деді Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, қомақты қаржы бөлінген жағдайда қала нақты нәтиже талап етуге құқылы. Сыртқы себептерді сылтау етуге болмайды.

«Мердігерлер жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауы тиіс, әйтпесе олардың Алматы жобаларында орны жоқ. Халаттық анықталған жағдайда лицензияларынан айырып, кінәлілерді жауапқа тартамыз», – деп түйіндеді қала басшысы.

Бұған дейін Алматыда жол жабындысының опырылуына қатысты резонансты оқиғалардан кейін бір мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?
Бүгін, 09:00

Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

Сарапшылар бұл заң жобасында негізгі басымдық бәсекелестікті дамытуға берілген деген пікірде
Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен
Жаңа жүйе жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдарды нақты ажыратуға бағытталған
Қаржыгер қазіргі экономикалық модельдің теңгені ұзақ мерзімде тұрақтандыруға мүмкіндік бермейтінін атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →