×

Сиыр еті жеткілікті, мәселе бағада: мән-жайды АШМ маманы түсіндірді

Сиыр етінің бағасы неге қымбаттады

Сиыр еті жеткілікті, мәселе бағада: мән-жайды АШМ маманы түсіндірді
Фото: Ауылшаруашылық министрлігі

Бүгінде елде сиыр етіне тапшылық бар деп айту дұрыс емес. Себебі нарықта ет бар, бірақ мәселе бағада болып отыр.Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту департаментінің директоры Назгүл Хатепова «Түйін» ақпараттық-талдамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, көршілес нарықтардағы сұраныстың өсуі Қазақстандағы сиыр еті бағасының қымбаттауына себеп болды. Сондықтан ет экспортына шектеу енгізу шаралары қабылданды. Қазір экспортқа квоталау шаралары да қарастырылуда. Квота иелері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары болады. Осылайша делдалдар мен «бір күндік фирмаларды» жою жоспарланған.

– Соңғы кезде көрші нарықтар тарапынан сиыр етіне деген сұраныстың артқанын байқап отырмыз. Яғни экспорт ұлғайды. Мәселен, былтыр осы кезеңде 11 мың тонна ет экспортталса, биыл жыл басынан бері ет жеткізу көлемін шамамен 3 есеге арттырдық. Экспорт көлемі шамамен 30 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада 430 мың тонна сиыр еті өндірілді. Бұл 2023 жылға қарағанда 7,5% көп. Биылғы жыл туралы айтсақ, жылдың басынан бері 234 мың тонна ет өндірілді. Бұл да өткен жылғы деңгейде. Сондықтан қазір тапшылық туралы айту дұрыс емес. Нарықта ет бар екенін көріп отырмыз. Бірақ мәселе бағасында, – деді Назгүл Хатепова.

Спикердің айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде «тірі» салмақтағы еттің орташа бағасы 1700-1800 теңге аралығында, «таза» салмақта – келісі 3500 теңге. Нарықта қажетті көлем бар. Сауда министрлігімен бірлесіп еліміздің ірі сауда орындарына 17 тоннадан астам сиыр еті жеткізілді.

– Қазір бағаның тұрақты екенін байқап отырмыз. Күнделікті қажетті көлемдегі сиыр еті жеткізіліп жатыр. Жалпы, бұл жұмысты сауда министрлігімен бірлесіп жалғастырамыз, – деп қорытты Назгүл Хатепова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Миллиардтар бөлінді, бірақ не техника, не адам жоқ: Алматы әкімі мердігерлерді қатаң сынға алды
Кеше, 11:01

Миллиардтар бөлінді, бірақ не техника, не адам жоқ: Алматы әкімі мердігерлерді қатаң сынға алды

Алматыда 38 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын алған мердігер ұйымдар жұмысты кешіктіріп, қазылған жолдарды қалпына келтірмей отыр
Министрдің сөзінше, тамыздан бері тауық еті 1%-ға ғана қымбаттаған
Қытайдағы семинарлар қазақстандық өндірушілер үшін нағыз «экспорт мектебіне» айналды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →