×

Жетісудағы қант зауыттары қант қызылшасын қабылдай бастады

Жетісудағы қант зауыттары қант қызылшасын қабылдай бастады
Фото: Александра Склабовский

Жетісу облысында Ақсу және Көксу қант зауыттары тәтті түбір қабылдай бастады. Екі зауытта барлығы 528 мың тонна қант қызылшасын қайта өңдеу жоспарланған, – деп хабарлайды Qaz365.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірде қант қызылшасы шамамен 12,2 мың гектарға егілген. Қазір Ақсу, Алакөл, Сарқан, Ескелді және Көксу аудандарында өнім жинау жұмыстары басталды. Жинауға 113 комбайн мен 52 жапырақ жинағыш машина қатысуда. Комбайндардың қуаттылығы күніне 700 гектарға дейін жинауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 240 гектар жер қазылып, 10 мың тоннадан астам өнім жиналды, орташа түсім – гектарына 422,6 центнер.

– Ауыл шаруашылығы саласында қант қызылшасы аса маңызды. Біздің облыста тәтті түбірді өсіру жақсы жолға қойылған. Жергілікті бюджеттен өндірілген қант қызылшасының тоннасына 25 мың теңге субсидия төленсе, зауыттар тоннасына тағы 15 мың теңге береді. Нәтижесінде сатып алу бағасы 40 мың теңгеге жетеді. Сонымен қатар қызылша өсірушілер сатып алынған тұқымдар, минералды тыңайтқыштар, пестицидтер үшін де субсидия алады. Оларға арзандатылған жанар-жағармай, лизингке техника ұсынылады. Облыста барлығы қызылша бағытындағы 25 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейді. Онда 450-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар. Бүгінде екі зауыт та астықты қабылдап, өңдеуге дайын. Ақсу қант зауыты көліктердің тұрған кезегіне сәйкес күніне 3 мың тоннаға дейін қабылдаса, Көксу қант зауыты кесте бойынша күніне 2 мың тонна өнім алуға қауқарлы. Жалпы алғанда 528 мың тонна өнім алынады деп күтілуде. Оның 292 мың тоннасы Ақсу қант зауытына, 236 мың тоннасы Көксу зауытына бағытталады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Айта кетейік, Көксу ауданында биыл қант қызылшасын өсірумен 136 шаруашылық айналысуда.

– Біз биыл 40 гектар жерге қант қызылшасын отырғыздық. Қызылша жинау науқаны басталды. Барлық қажетті техника бар. Міне, алғашқылардың бірі болып қызылшаны қабылдау пунктіне әкелдік, бәрін тез тапсырып, астықты шығынсыз жинауды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы біз қызылша тапсыруды 15 қыркүйекте бастадық және он күнде аяқтадық. Биыл жұмысты қазанда бастап отырмыз. Енді өніміміз жемісті болады деп ойлаймыз. Айтпақшы, ауданымыздағы өңдеу зауыты майбұршақты да қабылдайды. Сол істі де қолға алдық, – деп атап өтті шаруа қожалығының басшысы Мақсат Әбдірахманов.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қант қызылшасын қабылдау Ақсу қант зауытында да басталды. Жалпы ауданда биыл қант қызылшасын 2400 гектарға 94 шаруа қожалығы екті. Көршілес Сарқан және Алакөл аудандарының шаруалары да қант зауытына өз өнімдерін тапсырып жатыр. Зауытта қайта өңдеуді іске қосу 7 қазанға жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылуда
Бүгін, 21:57

Жамбыл облысында ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылуда

Сонымен қатар, мал азығы дайындалып, 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады
Алматыда 38 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын алған мердігер ұйымдар жұмысты кешіктіріп, қазылған жолдарды қалпына келтірмей отыр
Министрдің сөзінше, тамыздан бері тауық еті 1%-ға ғана қымбаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →