×

Жаңа Салық кодексі: Мемлекеттік кірістер комитеті ТОП-5 сұраққа жауап берді

Арнайы салық режимі, жеке табыс салығынан босату, жеңілдетілген декларация

Жаңа Салық кодексі: Мемлекеттік кірістер комитеті ТОП-5 сұраққа жауап берді
pexels.com

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық жүйесіндегі өзгерістерге байланысты жиі қойылатын 5 сұраққа жауап жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

  1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін (АСР) кім қолдана алады?

АСР-ды Қазақстан азаматтары мен қандастар қолдана алады. Бұған қоса, қазір патентпен жұмыс істеп жүргендер де осы жүйеге өте алады.
Бірақ олар мына талаптарға сай болуға тиіс:

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі керек;
  • жалдамалы жұмысшылары болмауға тиіс;
  • рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысуы қажет;
  • айлық табысы 300 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңге).

Бұл режимнің басты артықшылығы – жеке табыс салығынан және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден босатылады.

Тек әлеуметтік төлемдер – табыстың 4%-ы (зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру – әрқайсысы 1%) төленеді.

2. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимінің (АСР) шарттары қандай?

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, жеңілдетілген декларация негізіндегі режимде:

  • табыс шегі бұрынғыдай сақталады – 600 000 АЕК (2,5 млрд теңге дейін);
  • қызметкерлер санына шектеу алып тасталады;
  • барлық қызмет түріне рұқсат етіледі (тыйым салынғандардан басқа);
  • салық мөлшерлемесі – 4% (КТС/ЖТС), ал мәслихаттар оны ±50% шегінде өзгерте алады;
  • егер табыс 24 000 АЕК-тен (100 млн теңге) асса, жалақы қорын шегерім ретінде есепке алуға болады.

Бұл режимді қолданатындар ҚҚС пен әлеуметтік салық төлемейді.

3. 2025 жылы арнайы салық режимдерін қолданып жүргендер жаңа жүйеге қалай өтеді?

Жаңа Салық кодексі өтпелі кезең қарастырған:

  • тек онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер автомат түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге өтеді;
  • патентпен жұмыс істейтін және арнайы қосымшаны пайдаланатындар, егер шарттарға сай болса, жеке кәсіпкерлікті жабу арқылы осы режимге өте алады;
  • фермерлік және шаруа қожалықтары автоматт түрде өздеріне арналған режимге көшіріледі.

Қалған салық төлеушілер жаңа режим туралы хабарлама тапсыруы керек.

4. Неге кейбір мәмілелер бойынша шығындарды корпоратив табыс салығынан шегеруге тыйым салынды?

Жеңілдетілген декларация негізіндегі режимді қолданатын кәсіпкерлермен есеп айырысу кезінде шығындарды КТС бойынша шегеруге тыйым салынды.

Бұл шешім жалған мәмілелер мен тізбекті жеткізілімдер арқылы салықтан жалтару әрекеттерінің алдын алу мақсатында енгізілген. Кейбір компаниялар осындай схемалар арқылы өздерінің салық жүктемесін жасанды түрде азайтып келген.

5. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы режимнің артықшылықтары қандай?

Бұл режим ауыл шаруашылығы саласына жеңілдіктер ұсынады:

  • Жер, көлік және мүлік салығынан, сондай-ақ ҚҚС, әлеуметтік салық және қоршаған ортаға әсер үшін төлемнен босатылады;
  • Жеке табыс салығы – табыстың бар болғаны 0,5%-ы;
  • Декларация жылына бір рет беріледі;

Салық екі рет төленеді:

  • 10 қарашаға дейін – 1 қаңтар мен 1 қазан аралығындағы кезең үшін;
  • 10 сәуірге дейін – 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін.

Мұндай кесте егін жинау және өнім өткізу кезеңіне ыңғайластырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылуда
02.10.2025ж. 21:57

Жамбыл облысында ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылуда

Сонымен қатар, мал азығы дайындалып, 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады
Алматыда 38 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын алған мердігер ұйымдар жұмысты кешіктіріп, қазылған жолдарды қалпына келтірмей отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →