×

Елімізде Ислам банкінің бөлімшелері көбейеді

Азаматтар исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша несие ала алады

Елімізде Ислам банкінің бөлімшелері көбейеді

Қазақстанда банктер көбеюі мүмкін. Бұған жуырда әзірленген «Банктер туралы» жаңа заң ықпал етеді. Құжатта банк секторындағы бәсекелестікті артыру нормалары қарастырылған. Әрі банктерді лицензиялауға қатысты өзгерістер бар. Бұл жайында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Қизатов «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- Біз Ұлттық банкпен бірлесе «Банктер туралы» жаңа заңды әзірледік. Үлкен жұмыс атқарылды. Заңның ең негізгі мақсаты - банк секторындағы бәсекелестікті арттыру. Базалық және әмбебап лицензиялауды енгізудің нәтижесінде шағын және орташа банкттер секторға кіреді. Яғни, банк саны көбейеді. Бұл өз кезегінде бәсекенің артуына оң ықпал етіп, жеке және заңды тұлғаларға банктің өнімдері қолжетімді бола түседі деп ойлаймыз, - деп атап өтті спикер.

Төлем қабілеті жоқ банктерге мемлекеттің көмегі қысқарады. Акционерлер шығындарын өздері өтеуі тиіс. Мемлекет тек жүйелі маңызы бар банктерге ғана көмектеседі. Бүгінде 4 банктің мемлекетке қарызы 1,3 трлн теңгені құрайды.

Жаңа заңға сай, Қазақстанда Ислам банкінің бөлімшелері көбейеді. Оны әмбебап банктер өз лицензиясы шеңберінде жүзеге асырады. Азаматтар исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша несие ала алады. Сондай-ақ, тұтынушылар құқығын қорғау күшейеді. «Банктер туралы» жаңа заң биылғы жылдың соңына дейін қабылданады. Құжат 9 бөлімнен, 23 тараудан және 135 баптан тұрады.

Қосымша: 2024 жылы коммерциялық банктер 22 трлн 300 млрд теңге несие рәсімдеген. Оның 13 трлн 800 млрд теңгесі тұтынушылық қарыз. Биылғы 7 айда елдегі екінші деңгейлі банктердің жиынтық таза табысы 1,64 трлн теңгеге жетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →