×

Тоқаев Үкіметке экономикалық реформаларды азаматтардың мүддесіне сай реттеуді тапсырды

Президент Премьер-министрге апта соңына дейін уақыт берді

Тоқаев Үкіметке экономикалық реформаларды азаматтардың мүддесіне сай реттеуді тапсырды
Ақорда

Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерін қайта қарап, оны азаматтардың қажеттілігі мен мүддесін ескере отырып жетілдіруді тапсырды.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық климатты жақсарту және ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында нақты түзетулер енгізіп, пәрменді шаралар қабылдауды міндеттеді.

Президенттің айтуынша, Үкімет жүргізіп отырған экономикалық саясаттың басты бағыттары елдің стратегиялық мақсаттарымен үйлеседі, сондай-ақ онда әлемдік экономикалық ахуал мен қазіргі нарықтың үрдістері назарға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО мәслихатында өңірдің агросаладағы дамуы мен инвестициялық әлеуеті талқыланды
Бүгін, 10:49

ШҚО мәслихатында өңірдің агросаладағы дамуы мен инвестициялық әлеуеті талқыланды

Өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде де тұрақты өсім байқалуда
Әрі банктерді лицензиялауға қатысты өзгерістер бар.
Азаматтар исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша несие ала алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →