×

Жаңа Салық кодексі алты айдан кейін қайта қаралуы мүмкін

Сарапшы құжаттың оң тұстарымен қатар, даулы тұстары да бар екенін айтты

Жаңа Салық кодексі алты айдан кейін қайта қаралуы мүмкін
Farabi University

Экономист Расул Рысмамбетовтың пікірінше, Қазақстанның жаңа Салық кодексі тиімділігін дәлелдеу үшін алдымен уақыт сынағынан өтуі тиіс. Qaz365.kz-ке берген сұхбатында сарапшы құжаттың оң тұстарымен қатар, даулы тұстары да бар екенін айтып, бизнестің бейімделуі үшін өтпелі кезеңді жеңілдетуді ұсынды.

«Жаңа Салық кодексі – мәңгілік заң емес. Оның кей бөлігі жақсы жұмыс істейді, кей тұсы қиындық туғызуы мүмкін. Ең бастысы — алғашқы алты айда айыппұл салуға асықпау керек. Бизнеске бейімделуге мүмкіндік беру қажет», – деді Рысмамбетов.

Оның айтуынша, құжат әділдік пен ашықтық қағидатына сүйеніп жасалғанымен, кей нормалар жеке кәсіпкерлерге ауыр соққы болуы мүмкін. Әсіресе шегерімдерді (вычет) шектеу туралы норма шағын бизнеске елеулі қысым тудырады.

«Біз өзіміз миллиондаған ИП аштырдық, енді соларға шегерім жасауға болмайды деп отырмыз. Бұл — шағын бизнеске ауыр соққы. Сондықтан алғашқы жарты жыл айыппұл мен қысымсыз буферлік кезең болуы керек», – деді экономист.

Рысмамбетов Президент бұған дейін де Салық кодексін енгізуді кейінге қалдырғанын еске салып, егер жаңа нұсқада қиындықтар туындаса, оны шұғыл түрде қайта қарау қажет екенін айтты.

«Кез келген заң қағаз жүзінде мінсіз көрінуі мүмкін, бірақ шынайы өмірде бәрі өзгеше. Егер алты айдың ішінде кодекстің тиімді еместігі анықталса, оны түзету — қалыпты тәжірибе», – деп түсіндірді сарапшы.

Экономист сондай-ақ Салық комитеті бизнесті жазалау емес, қолдау бағытына көшуі қажет деп есептейді.

«Салық органы жазалаушы емес, көмекші орган болуы тиіс. Оның мақсаты — айыппұл жинау емес, бизнестің дамуына жағдай жасау. Сонда ғана нақты нәтиже көреміз», – деді ол.

Рысмамбетовтың айтуынша, жаңа Салық кодексінің табысты болуы тек мәтінге емес, биліктің кәсіпкерлерді тыңдап, олардың проблемасына уақытында жауап беру қабілетіне байланысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2020–2024 жылдары екінші деңгейлі банктердің жиынтық пайдасы 8,2 триллион теңгеге жеткен
Ұлттық банк өкілі QR-кодтың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →