×

Жетісу облысында алғаш рет жержаңғақ өсіріле бастады

Жетісу облысында алғаш рет жержаңғақ өсіріле бастады
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысында алғаш рет жержаңғақ егу тәжірибесі басталды. Биыл Ақсу ауданындағы шаруалар бұршақ тұқымдас дақылдармен қатар жержаңғақ өсіруді қолға алған, деп хабарлайды Qaz365.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу жер» ЖШС шаруа қожалығының директоры Қанат Саниязовтың айтуынша, бұл дақыл өңір климатына жақсы бейімделген әрі құрғақшылыққа төзімді.

«Біз үш жыл бұрын ауыл шаруашылығымен айналыса бастадық. Алдымен қант қызылшасы мен жүгері ектік. Кейін климаттық жағдайды ескеріп, бұршақ тұқымдастар мен бақша өнімдерін өсіруге кірістік. Биыл 200 гектар жерге бұршақ егіп, оның 1,5 гектарына Өзбекстаннан әкелінген жержаңғақ тұқымын отырғыздық. Нәтижесі көңіл қуантады», – деді ол.

Маманның айтуынша, жержаңғақ ерекше күтімді қажет етпейді, дер кезінде суарып, тыңайтқыш беріп отырса жеткілікті.

«Қазір жержаңғақ пісіп жетіліп келеді. Әр гектардан 3–5 тоннаға дейін өнім алуға болады. Қайта өңдеу кезінде жаңғақ құрамындағы май 45%-ға, ал нәруыз 25%-ға дейін жетеді. Оның үстіне бұл дақыл топырақты азотпен байытады», – деді Қанат Саниязов.

Келесі жылы шаруашылық жержаңғақ егілетін алқапты 10–15 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал алғашқы өнім шағын қаптамаларға буып-түйіліп, нарыққа шығарылады.

Шаруашылық басшысы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған субсидиялар мен жеңілдетілген жанар-жағармай түріндегі қолдаудың зор көмегін атап өтті.

«Біздің мақсат – сапалы отандық өнім өндіру. Бұл бағытта заманауи технологияларды пайдалану табысқа жетудің басты кілті. 2022 жылы жаңбырлатып суару жүйесін орнаттық, оның 50 пайыз шығынын мемлекет өтеді. Келер жылы тамшылатып суару технологиясын енгізуді көздеп отырмыз», – деді Саниязов.

Қазір шаруашылықта 65 гектар алқапқа жаңбырлатып суару жабдықтары орнатылған, 15 адам тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар дискретті суару әдісі қолданылып, су ресурстары үнемделуде.

Жалпы, Жетісу облысында дәнді және майлы дақылдармен қатар бақша өнімдері, қант қызылшасы, картоп пен көкөніс өсіріледі. Биыл бұл тізімге бұршақ пен жержаңғақ қосылды. Өңірдегі егіс алқаптарының жалпы көлемі 500 мың гектарға жеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты
Бүгін, 20:16

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен
Жаңа жүйе жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдарды нақты ажыратуға бағытталған
Қаржыгер қазіргі экономикалық модельдің теңгені ұзақ мерзімде тұрақтандыруға мүмкіндік бермейтінін атап өтті
Экономистің айтуынша, тек азаматтар мен бизнестің табысы артқан жағдайда ғана салықты өсіруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →