×

Келер жылдан бастап мобильді аударымдар басқаша тексеріледі

Жаңа жүйе жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдарды нақты ажыратуға бағытталған

Келер жылдан бастап мобильді аударымдар басқаша тексеріледі
Сергей Александров

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда азаматтардың мобильді аударымдарын бақылаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі LSM.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер бірлесіп дайындаған жаңа жүйе жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдарды нақты ажыратуға бағытталған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді банк үш ай қатарынан 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша алған, ал түскен қаражат көлемі ең төменгі жалақы мөлшерінен 12 есе асқан жағдайда азамат туралы ақпаратты салық органдарына жолдайды.

Комитет өкілдері бұл шара қадағалауды қатаңдату емес, керісінше азаматтар мен банктерге түсетін жүктемені азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Жаңартылған жүйе қаржы айналымының ашықтығын арттырып, көлеңкелі бизнесті азайтуға, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін салық салуда тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа ережелер қайырымдылық мақсатындағы аударымдарға салық салуға әсер етпейді. Егер үш ай ішінде 100 және одан көп адамнан қаражат түссе, банк қор келісімі немесе жиналған қаражат туралы есеп түрінде түсініктеме сұрауы мүмкін.

Қазіргі тәртіп 2025 жылдың соңына дейін күшінде қалады. 2026 жылдан бастап жаңа жүйе іске қосылғанда салық органдары кәсіпкерлік белгілері бар жеке тұлғаларға ескерту жіберіп, 30 жұмыс күні ішінде жауап беруді талап ететін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты
Бүгін, 20:16

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі мен инвестициялар көлемі артты

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен
Қаржыгер қазіргі экономикалық модельдің теңгені ұзақ мерзімде тұрақтандыруға мүмкіндік бермейтінін атап өтті
Экономистің айтуынша, тек азаматтар мен бизнестің табысы артқан жағдайда ғана салықты өсіруге болады
Сарапшы құжаттың оң тұстарымен қатар, даулы тұстары да бар екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →