×

Жаңа рекорд: Қарағанды облысының өнеркәсіп көлемі 4 трлн теңгеге жетті

Жаңа рекорд: Қарағанды облысының өнеркәсіп көлемі 4 трлн теңгеге жетті
Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын ұстап тұр: биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 932,9 миллиард теңгеден асты, ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңірдің экономикалық дамуы мен кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

– Біздің өңір тұрақты көрсеткіштерін сақтап келеді: болат өндіру көлемі бойынша – бірінші, көмір өндіру және картоп өсіру бойынша – екінші, жұмыртқа өндіру бойынша – үшінші, астық жинау бойынша – төртінші орындамыз. Ел бойынша жұмыссыздық деңгейі ең төмен өңірлердің бірі – небәрі 4 пайыз, – деді аймақ басшысы.

Әкім атап өткендей, өнеркәсіп дамуы, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инвестиция тарту — өңір экономикасының басты басымдықтары болып қала береді.

Қарағанды облысында индустриялық аймақтар белсенді дамып, шағын өнеркәсіптік алаңдар құрылып жатыр.

Әкімнің айтуынша, Qarmet компаниясы өндірісті жаңғыртуға 2028 жылға дейін 1,6 триллион теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын табиғи газға көшіп, цифрлық технологияларды енгізуде.

Сонымен қатар, өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және басқа да салаларда жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Саран индустриялық аймағында келесі жылы Howo, Sitrak және Shantui маркалы жүк және арнайы техника шығару жоспарланған.

– Шағын және орта бизнес саласында басты назар — өсу нүктелерін қалыптастыру мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Біздің облыс алғашқы болып бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендетті. Соның нәтижесінде салық төлеушілердің саны 30 есеге өсіп, бүгінде төрт мыңнан асты. Ал осы жылы арнайы салық режимі бойынша 5,6 миллиард теңге бюджетке түсті. Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін де, маслихаттарға 2%-дық мөлшерлемені сақтап қалу жөнінде ұсыным беретін боламыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?
Бүгін, 09:00

Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

Сарапшылар бұл заң жобасында негізгі басымдық бәсекелестікті дамытуға берілген деген пікірде
Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,9%-ға өсіп, 320,8 млрд теңгеге жеткен
Жаңа жүйе жеке және кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдарды нақты ажыратуға бағытталған
Қаржыгер қазіргі экономикалық модельдің теңгені ұзақ мерзімде тұрақтандыруға мүмкіндік бермейтінін атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →