×

ШҚО бюджеті қайта қаралды: кіріс артты, маңызды жобаларға қаржы бөлінді

ШҚО бюджеті қайта қаралды: кіріс артты, маңызды жобаларға қаржы бөлінді
Liter.kz

2025 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысының бюджеті республикалық трансферттердің азаюы мен кіріс бөлігінің артуына байланысты қайта қаралды. Өзгерістер өңір халқының өмір сапасын жақсартуға және маңызды жобаларды аяқтауға бағытталып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс бюджетінде республикалық трансферттер 1,7 млрд теңгеге қысқартылды, алайда салықтар мен айыппұлдар есебінен 2,9 млрд теңге қосымша түсім түсті.

Бұл қаржы келесі негізгі бағыттарға жұмсалады:

  • Білім саласы: мұғалімдердің жалақысын көтеру, оқушылардың тамақтануы мен коммуналдық төлемдерін жабу, жеке балабақшаларды қолдау;

  • Спорт: жаттықтырушылардың еңбекақысына үстемақы төлеу және коммуналдық шығындарды өтеу;

  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық: Риддер ЖЭО-н жөндеу, жылу желілерін қалпына келтіру, көмірге субсидия бөлу;

  • Құрылыс: ауылдардағы спорт нысандарының құрылысын аяқтау.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен Өскемен қаласында 300 орындық көпсалалы аурухана салуға 20,4 млрд теңге бөлінді.

Жаңа қаржыландыру облыстың әлеуметтік тұрақтылығын күшейтіп, білім, спорт және денсаулық сақтау салаларындағы маңызды нысандардың толық іске қосылуын қамтамасыз етпек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →