×

Ұлттық банк төрағасы 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ұлттық банк төрағасы 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әлеуметтік желілерде тараған «басшылық пен топ-менеджерлер 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алды» деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және қате түсіндірілген.

«Желілерде тараған біз 1,7 млрд сыйақы алғанбыз деген ақпарат рас емес. Өйткені 1,7 млрд – ол толық жалақы қоры. Оның ішінде еңбекке жарамсыздық парағы, оқыту шығындары, еңбек демалысына төлемдер бар. Яғни бұл сома — сыйақы емес», – деді Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, аталған қаражат басшылыққа арналған бонустар немесе жеке сыйақылар емес, ол жұмысшылардың еңбекақысын және әлеуметтік төлемдерді қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →