×

2025 жылы Алматы өнеркәсібі қарқынды өсім көрсетті

2025 жылы Алматы өнеркәсібі қарқынды өсім көрсетті

2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 944,2 млрд теңгеге жетіп, 12,3%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібі 13,7%-ға өсіп, жалпы өнеркәсіптік шығарылымның 84,5%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әсіресе, машина жасау, минералдық өнім, сусын, қағаз бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнім, сондай-ақ тоқыма, киім және ағаштан жасалған бұйым өндірісінде жоғары өсім байқалады.

Сектордағы өсім қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өнім өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлер, құрылыс компаниялары және сауда желілері тарапынан тапсырыстың көбеюі де ықпал етті.

Жыл басынан бері индустриялық аймақта және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 225,3 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 80,2 млрд теңге көлеміндегі тағы 10 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Индустриялық аймақ аумағында жалпы құны 655,8 млрд теңге болатын және ондаған мың жұмыс орнын құрған жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл жаңа нысандар пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылды.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында цифрлық технология, күн панельдері және медициналық жабдық өндіру салаларында жобалар жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы екі жаңа инвестициялық жобаны іске қосу көзделген. 

Қазіргі кезде «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 193 қатысушысы тіркелген (оның ішінде 126 қатысушы экстерриториалды қызмет атқарады). Салынған инвестиция көлемі 258 млрд теңгеге, тауар, жұмыс және қызмет өндірісінің көлемі 1 трлн теңгеге жетті. Экспорт көлемі 17,8 млрд теңге, салық түсімі 72 млрд теңге, 6 974 жұмыс орны ашылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады
Бүгін, 16:32

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады

Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд теңге
Салық саласындағы өзгерістердің бірі – B2C сегменті: үй маңындағы дүкендер, қызмет көрсету орталықтары, сұлулық салондары, жөндеу шеберханалары және халыққа бағытталған өзге де кәсіпорындар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →