×

Лизинг пен автонесие: айырмашылығы неде және қайсысы тиімді

Лизинг пен автонесие: айырмашылығы неде және қайсысы тиімді
freepik

Қазақстандықтардың көбі автолизингті автонесиеге балама тәсіл ретінде көреді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы Азамат Панбаев бұл екеуінің негізгі айырмашылықтарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, лизинг – банктік автонесиемен салыстырғанда икемдірек және қолжетімді құрал. Негізгі айырмашылық – көлік толық төленгенге дейін лизинг компаниясының меншігінде қала береді.

«Лизинг кезінде мүлік клиентке берілмейді, ол толық төлем жасалғанша лизинг компаниясының меншігінде болады», — деді Панбаев.

Бұл жүйенің басты артықшылығы – қажет болған жағдайда лизинг нысанын ауыстыру мүмкіндігі. Егер шартта көрсетілсе, клиент өз көлігін басқа модельге немесе нұсқаға ауыстыра алады.

«Клиенттің сұранысына қарай лизинг объектісін кез келген уақытта ауыстыруға мүмкіндік бар», — деді шенеунік.

Сонымен қатар лизинг рәсімдеу кезінде несие тарихына қойылатын талаптар да жеңілдетілген. Сондықтан бұл құрал банк алдындағы төлем қабілетіне сенімсіздік танытатын азаматтар үшін де ыңғайлы.

«Лизингті рәсімдеу кезінде клиенттің несие тарихы шешуші рөл атқармайды. Оның міндеттемелері кредиттік есепте көрінбейді. Бұл – басты айырмашылықтардың бірі», — деп түсіндірді Панбаев.

Министрліктің дерегінше, соңғы айларда лизингке деген сұраныс көбіне коммерциялық көліктер сегментінде артқанымен, жеке азаматтар арасында да танымал бола бастаған. Олар банктермен салыстырғанда шарттары жеңіл әрі икемді тәсілді таңдап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →