×

Енді 21 жасқа толмағандарға несие берілмеуі мүмкін

Енді 21 жасқа толмағандарға несие берілмеуі мүмкін
Getty Images

Қазақстанда жастардың шамадан тыс қарызға бату мәселесіне байланысты тұтынушылық несие алуға рұқсат етілетін жасты 18-ден 21 жасқа дейін көтеру қайта талқыланып жатыр. Депутаттар Агенттік төрағасы Әбілқасымова Мадина Ерғалиқызына ресми ұсыныс жолдаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттардың айтуынша, 18–21 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында микронесие мен онлайн-кредитке тәуелділік айтарлықтай артқан.

Бұл топта:
— несие көбіне ойланбай, эмоциямен рәсімделеді;
— тұрақты табыс болмағандықтан, қарызды уақытында жабу көрсеткіші төмен;
— қаржылық сауаттылықтың төмендігі тәуекелдерді арттырады.

Сарапшылар жастарды тұтынушылық кредит нарығындағы ең осал аудитория деп атады. Бұған онлайн рәсімдеудің оңайлығы мен жылдамдығы, микрокредит ұйымдарының белсенді жарнамасы да әсер етіп отыр.

Парламент мүшелері жастар арасындағы қарыз жүктемесі жеке мәселеден әлеуметтік проблемаға айналғанын айтады.

Депутаттар жас мөлшерін 21-ге дейін көтеру ойланбай алынатын қарыздың санын азайтып, жастардың болашақ қаржылық қиындықтарының алдын алады деп есептейді.

Қазір ұсыныс реттеуші органның қарауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →