×

«Самұрық-Қазына» қорының аудиті құпия қалды: Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған бұзушылықтың егжей-тегжейін ашпады

«Самұрық-Қазына» қорының аудиті құпия қалды: Жоғары аудиторлық палата миллиардтаған бұзушылықтың егжей-тегжейін ашпады
Самұрық-Қазына

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына жүргізілген аудиттің нақты нәтижелері қоғамға жария етілмейді. Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) тек ресми пресс-релиздердегі ақпараттың ғана жариялауға рұқсат етілгенін мәлімдеді. Палата материалдардың «қызметтік ақпарат» санатына жататынын алға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ЖАП қордың басқару жүйесіндегі бірқатар жүйелі мәселені анықтағанын хабарлаған. Аудит 326 компанияны қамтыған, олардың 41-і 2024 жылды шығынмен аяқтаған. Тексеріс барысында стратегиялық жоспарлаудың әлсіздігі, жоспарлардың орындалуын бақылаудың жеткіліксіздігі, ІТ-инфрақұрылымдағы ақаулар және кейбір инвестициялық жобалардың төмен тиімділігі анықталған.

Аудиттің ресми қорытындысы бойынша:

  • 351,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар тіркелген;

  • 122,2 млрд теңге сомасында тиімсіз шығындар анықталған;

  • Бірқатар материалдар құқық қорғау органдарына жолданған.

Соған қарамастан, аудиттің мазмұнына қатысты сұрақтардың басым бөлігі жауапсыз қалды. ЖАП нақты бұзушылықтар туралы толық ақпарат құпия санатқа жататындықтан жария етілмейтінін атап өтті.

Осылайша, еліміздің ең ірі ұлттық холдингіне жүргізілген тексерістің маңызды бөлігі қоғам үшін жабық күйінде қалып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →