×

16 жерде"жұмыс істеген": жүздеген әйел босану жәрдемақысын көбейту үшін табысын қолдан өсірген

16 жерде"жұмыс істеген": жүздеген әйел босану жәрдемақысын көбейту үшін табысын қолдан өсірген
flickr

Зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Қорытындысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен отырыста жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тексеріс нәтижесінде соңғы бес жылда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері айтарлықтай өскені белгілі болды: орташа ынтымақты зейнетақы – 37%-ға, базалық – 45%-ға, жинақтаушы қордан төленетін зейнетақы – 25%-ға артқан. Мемлекеттік жәрдемақылардың орташа көлемі 58%-ға, ал Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер 2,5 есеге көбейген.

Сонымен қатар аудит барысында жүйелі кемшіліктер де анықталды.

Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың зейнетақы жарналары тұрақсыз, ал халықаралық деңгейде ақпарат алмасу жеткіліксіз болғандықтан, кей жағдайларда бір адамның екі елден қатар төлем алу қаупі бар.

Бұдан бөлек, аудиторлар жүктілік пен босану бойынша жоғары төлем алу үшін табыс көлемін және жұмыс орны санын қолдан көбейту деректерін анықтаған. Кей әйелдерге бір мезетте 3–10 жұмыс орнынан аударым түскен, ал 169 адам 16 ұйымнан бірдей төлем алып отырған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін заңнаманы нақтылау ұсынылды.

Сондай-ақ Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерінің сенімгерлік басқарудан шамадан тыс алынуы 216 млрд теңгеден астам қаржының тиімсіз жұмсалуына себеп болған. Ал әлеуметтік төлемдердің шекті мөлшерінің болмауы мен кіріс органдарымен өзара ақпарат алмасудың әлсіздігі салдарынан шамамен 96 млрд теңге жоғалған.

Жалпы аудит нәтижесінде:

  • 5 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылық,

  • 216,2 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны,

  • 46 жүйелі кемшілік анықталды.
    Осыған байланысты 22 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, ал 2 іс құқық қорғау органдарына жолданды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →