×

Елімізде ең жоғары жалақы кімге төленеді

Елімізде ең жоғары жалақы кімге төленеді
Roman Chekhovskoy

Қазақстанда қараша айындағы еңбек нарығындағы ең жоғары жалақы ұсыныстары жарияланды. Enbek.kz порталының мәліметінше, жұмыс іздеушілердің қалауы мен жұмыс берушілердің ұсынып отырған жалақысы арасында айырмашылық әлі де үлкен. Кей мамандық бойынша еңбекақы мөлшері 600 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ең жоғары жалақы ұсыныстары құрылыс саласына тиесілі болды. Мәселен, бас құрылысшыларға орта есеппен 640 мың теңге, ал учаске бастықтарына 595 мың теңге шамасында еңбекақы белгіленген. Сондай-ақ авиация саласы мамандарына, әсіресе авиациялық диспетчерлерге, шамамен 568 мың теңге ұсынылған.

Ал жұмыс іздеушілердің өздері күтетін жалақы мөлшері бұдан әлдеқайда жоғары. Мысалы, пилоттар орташа 1,9 миллион теңге, IT-бөлім басшылары мен бас геологтар шамамен 1,2 миллион теңге жалақы күтетінін жазған.

Сонымен қатар қараша айында еңбек нарығындағы жалпы белсенділік төмендегені байқалды. Ел бойынша жұмыс берушілер 101 мың бос жұмыс орны жариялаған, бұл қазан айымен салыстырғанда 23%-ға аз. Ал жұмыс іздеушілердің түйіндемелері де 11%-ға қысқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →