×

Бектенов: Елде арзан сиыр еті сатылуы керек

Бектенов: Елде арзан сиыр еті сатылуы керек
unsplash

Премьер-министр Олжас Бектенов инфляцияның негізгі себебі ретінде азық-түлік бағасының қымбаттауын атады және ет пен ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлер кабинетінің дерегінше, соңғы айларда Ұлытау, Ақмола және Атырау облыстарында баға өсімі қарқын алған.

«Әкімдердің қолында азық-түлік бағасын тұрақтандырудың нақты құралдары бар. Бұл жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет», – деді Үкімет басшысы отырыста.

Сонымен қатар Бектенов Сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін кеңейтуді, сондай-ақ Астанада енгізілген арзан сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін өңірлерде іске асыруды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →