2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы кедейлік деңгейі 5,3 пайыз болды. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда сәл ғана артқан көрсеткіш. Сонда бар-жоғы 0,2 пайызға ғана өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz..
Қазақстанда табысы күнкөрісіне жетпейтін азаматтар «кедей» санатына жатады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі бір адамға айына 60 878 теңге болып белгіленген.
Осы уақытта ел көлемінде 190 484 отбасының табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған. Бұл отбасыларда 1 078 660 адам өмір сүрген.
Осындай мәліметтер сараланып келіп, 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы кедейлік деңгейі 5,3 пайыз деп анықталды. Бұл көрсеткіш биылғы екінші тоқсанға қарағанда 0,2 пайызға жоғары болды (сол кезде табысы төмен халықтың үлесі 5,1% болған).
Дегенмен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, елдегі табысы төмен халықтың үлесі аздап, 0,1 пайызға төмендеді. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,2% болған.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша:
І тоқсан — 4,5%
ІІ тоқсан — 5,1%
ІІІ тоқсан — 5,3%
Жалпы жағдайды қарағанда, кедейлік деңгейі жоғары, жоқшылық көріп отырған өңір — Түркістан облысы. Мұнда бұл көрсеткіш 9 пайызға жеткен. Сондай-ақ Маңғыстау облысында кедейлік деңгейі 8,2%, ал Абай облысында — 7,9% болған.
Ал ең төмен көрсеткіш Астанада тіркелді. Елордадағы кедейлік деңгейі 2,7% ғана. Алматы қаласында 2025 жылдың үшінші тоқсанында кедейлік деңгейі 5% болды, ал Шымкентте бұл көрсеткіш 6,6%.
Ұлттық статистика бюросының деректерін назарыңызға ұсынамыз:
Қазақстан — 5,3%
Абай облысы — 7,9%
Ақмола облысы — 5,1%
Ақтөбе облысы — 4,3%
Алматы облысы — 4,2%
Атырау облысы — 3,3%
Батыс Қазақстан облысы — 4,2%
Жамбыл облысы — 5,3%
Жетісу облысы — 7,7%
Қарағанды облысы — 3,3%
Қостанай облысы — 3,8%
Қызылорда облысы — 5,4%
Маңғыстау облысы — 8,2%
Павлодар облысы — 4,0%
Солтүстік Қазақстан облысы — 4,4%
Түркістан облысы — 9,0%
Ұлытау облысы — 5,9%
Шығыс Қазақстан облысы — 3,9%
Астана — 2,7%
Алматы — 5,0%
Шымкент — 6,6%
Айта кету керек, кедей санатына жатпайтын, тамағын алуға қаражаты жоқ азаматтар да бар. Қазақстанда мұндай жағдайды анықтайтын «азық-түлік салған себеттің құны» деген көрсеткіш бар. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысына, яғни 55%-ға тең. 2025 жылдың үшінші тоқсанында бір адам «азық-түлік салған себетті» 33 483 теңгеге сатып ала алған. Ай сайынғы табысы осыдан төмен азаматтардың үлесі өте аз — 0,3%, яғни 10 600 отбасы немесе 57 889 адам.
Айта кетейік, бұған дейін ең төменгі күнкөріс деңгейін есептегенде бұрын барлық азық-түлік түрлері есепке алынатын. Бірақ желтоқсанда кейбір басқа маусымда өсетін көкөністерді ескеріп, кейбір азық-түлік түрлері есепке алынбай қалды. Сол себепті 2025 жылдың желтоқсанында ең төменгі күнкөріс деңгейі азайған. Бұл өзгеріс жылдың төртінші тоқсанында кедейлік деңгейіне де әсер етуі мүмкін.
Қазақстандықтардың табысына қарағанда шығыны өсіп келеді. Бұл да қараша халықтың жағдайын нашарлатып, жоқшылықты арттыра түсетіні анық.
Еске сала кетсек, бұған дейін Qaz365.kz редакциясы «Ескі Қазақстанның» олигархтарынан тәркіленген активтер жайлы мақала жазған болатын. Бір өңірдің әлеуетін көтере алатын, бағасы удай әшекейлер, сағат пен белдік жайлы толығырақ материалымыздан оқи аласыздар.