×

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда

Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асуда. «Organic Fish» компаниясының 11,9 млрд теңгелік бастамасы өңірдің балық шаруашылығы саласындағы жаңа серпін болмақ. Жоба толық қуатына шыққан кезде жылына 5 мың тоннаға дейін балық өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Балық шаруашылығы өңірдің маңызды даму бағыттарының біріне айналып келеді. Соңғы жылдары Каспийдегі балық қорының азаюы мен инфрақұрылымның тозуы аквашаруашылықтың дамуын тежеген еді. Бұл жағдайды өзгерту үшін өңірде балық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған.

Мамандардың айтуынша, Каспийдің табиғи жағдайы аквашаруашылықты қарқынды дамытуға өте қолайлы. Аталған салада 2025-2027 жылдары өңірде төрт ірі жоба іске асырылмақ.
 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →