×

ҚТЖ-ның үлкен қарызы өте күрделі мәселе — Смайылов

ҚТЖ-ның үлкен қарызы өте күрделі мәселе — Смайылов
Primeminister.kz

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қарызы әлі күнге дейін үлкен мәселе болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ҚТЖ-ның қарызы мәселесін былтыр да көтерген, бірақ бір жылдың ішінде жағдай еш өзгермегенін атап өтті.

«Бір жылда ол жағдайдың күрт өзгеруі мүмкін емес. Өзгерсе сәл өзгерген жоқ. Бірақ өзгеріс болған жоқ. ҚТЖ қарыздары әлі күнге дейін өте жоғары. Оларды уақытылы өтеу, қарызды қайтару өте күрделі мәселе болып қалып отыр. Проблема ешқайда кеткен жоқ. ҚТЖ мен Самұрық-Қазына бұл мәселеге өте үлкен назарын аударуы қажет», — деді Смайылов.

Еске сала кетейік, былтыр Жоғары аудиторлық палата ҚТЖ-ның тиімсіз басқарылуы салдарынан қиын жағдайға тап болғанын хабарлаған еді. Палата төрағасы Әлихан Смайылов теміржол компаниясы өз міндеттемелерін орындай алмай, дефолтқа шақ тұрғанын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →