×

Несие пайыздарының ең жоғары шегі белгіленді

Несие пайыздарының ең жоғары шегі белгіленді
ашық дереккөзден

Қазақстанда несие беретін ұйымдар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі белгіленді. Бұл талап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірлесіп қабылдаған қаулыға сәйкес енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаулыға сай, екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер мынадай:

  • кепілсіз несие – жылына 46%

  • кепілмен берілетін несие – жылына 35%

  • ипотекалық тұрғын үй несиесі – жылына 25%

Ал микрокаржылық ұйымдар үшін жылдық ең жоғары мөлшерлеме 46% болып белгіленді. Егер микрокредиттің мерзімі 45 күннен аспаса және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен көп болмаса, күндік пайыз 0,3%-дан аспауы тиіс. Бұл жағдайда жылдық мөлшерлеме 179%-дан жоғары болмауы керек.

Жаңа талаптар несие шартына қол қойылған сәттен бастап немесе несие шартындағы пайыз, комиссия және басқа төлемдер өзгертілген жағдайда қолданылады.

Қаулы 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →