×

Пәтерді жалға беру үшін міндетті түрде ЖК(ИП) ашу керек пе?

Пәтерді жалға беру үшін міндетті түрде ЖК(ИП) ашу керек пе?
gov.kz

Пәтерін жалға беріп, табыс тауып жүрген азаматтар үшін салықтық талаптар мен қолжетімді жұмыс режимдері түсіндірілді. Бұл туралы «Қаржылық сауат» Telegram-арнасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәліметке сәйкес, пәтерді жалға беру үшін міндетті түрде жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу қажет емес. Азаматтар жеке тұлға ретінде де, ЖК ашу арқылы да жұмыс істей алады. Таңдау табыс көлемі мен қызмет форматына байланысты.

ЖК ашпай жұмыс істеу шарттары

Жеке тұлға ретінде пәтерін жалға беретін азамат:

  • жалдамалы жұмысшы ұстамауы керек;

  • жылдық табысы 360 АЕК-тен (шамамен 1,56 млн теңге) аспауы тиіс;

  • табысын 270.00 нысанындағы декларацияда көрсетеді;

  • декларацияны жыл сайын 15 қыркүйекке дейін тапсырады;

  • салықты 25 қыркүйекке дейін төлейді;

  • салық мөлшерлемесі – табыстың 10%-ы.

2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркеле алады. Бұл үшін ЖК ашу талап етілмейді.

Бұл режимнің шарттары:

  • жалдамалы жұмысшы болмауы керек;

  • айлық табыс 300 АЕК-тен (шамамен 1,3 млн теңге) аспайды;

  • жұмыс E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;

  • чек сол қосымша арқылы беріледі.

Бұл жағдайда:

  • жеке табыс салығы – 0%;

  • әлеуметтік төлемдер – 4% (зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыруды қамтиды).

ЖК ретінде тіркелген жағдайда

2026 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер оңайлатылған режимді қолдана алады. Бұл форматта:

  • жалдамалы жұмысшыларды ұстауға рұқсат етіледі;

  • жылдық табыс лимиті – 600 мың АЕК (шамамен 2,6 млрд теңге);

  • есеп жарты жылда бір рет 910.00 нысанымен тапсырылады;

  • әлеуметтік төлемдер ай сайын төленеді;

  • салық мөлшерлемесі – 4% (өңірге қарай 2–6% аралығында өзгеруі мүмкін).

Ақпаратта пәтерді жалға беретін азаматтарға өз табыс көлеміне сәйкес тиімді салық режимін алдын ала таңдау маңызды екені атап өтілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →