×

Тоқаев: қазақстандық банк арқылы 7 трлн теңгеден астам қаржы шетелге кеткен

Тоқаев: қазақстандық банк арқылы 7 трлн теңгеден астам қаржы шетелге кеткен
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммерциялық банктердің заңсыз әрі күмән тудыратын қаржылық операцияларына бақылауды күшейту қажет екенін айтты. Бұл туралы ол Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президенттің айтуынша, аталған бағытта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк өзара тығыз ықпалдастықта жұмыс істеуі керек.

Жиын барысында Мемлекет басшысы агенттік төрағасы Жанат Элимановтың баяндамасына назар аударып, өткен жылы қазақстандық банктердің бірінің қатысуымен көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңгеден астам қаражат аударылғанын атап өтті.

«Бұл – заңға ғана емес, экономика мен саясатқа да қайшы келетін түсініксіз жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық сипаттағы қаржы схемалары азаймай отыр. Бұған дейін де айтқанмын, бұл індет әлеуметтік салаға дейін жайылды. Мемлекет қаржысын жымқыруға бағытталған ашкөз әрекеттерді ақтауға болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент көлеңкелі қаржы айналымына тосқауыл қою, заңбұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде әшкерелеу мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай қауіптер елдің қаржылық тұрақтылығына ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке де тікелей әсер етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →