×

Қазақстанда алтынның бір граммы қанша тұрады

Қазақстанда алтынның бір граммы қанша тұрады
Донат Сорокин/ ТАСС

Ұлттық банк сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда алтынның бір граммы 82 164,45 теңгеге жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жыл басымен салыстырғанда қымбат металдың құны едәуір артқан. Мәселен, 2026 жылдың алғашқы күндерінде алтынның бір граммы 71 300,21 теңге деңгейінде болған.

Ал әлемдік нарықта алтын бағасы рекордтық көрсеткішке көтерілді. 26 қаңтарда алтынның бір троя унциясы 5 мың долларлық межеден асып, кейін 5 200 долларға дейін қымбаттады.

Мамандар бағаның өсуін АҚШ долларының әлсіреуімен, геосаяси тұрақсыздықтың жалғасуымен және жаһандық экономикадағы белгісіздікпен байланыстырады. Қаңтар айының өзінде алтын бағасы әлем бойынша шамамен 20 пайызға өссе, соңғы бір аптада 5 пайыздан астам қымбаттаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →