×

Несие алу қиындай түспек: 2026 жылы банктер мен қаржы ұйымдарында қандай өзгерістер бар?

Онлайн несие алушылардың биометриялық талабына өзгеріс енгізіледі

Несие алу қиындай түспек: 2026 жылы банктер мен қаржы ұйымдарында қандай өзгерістер бар?
Фото: Freepik.com

Банк пен қаржы ұйымдарынан несие алу шарттары қатаңдай бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап несие алу бойынша жаңа ережелер енгізілді. Енді банк пен микроқаржы ұйымдары белгіленген шамадан жоғары пайызбен несие бере алмайды. Бұл өзгеріс қарыз алушылардың төлем жүктемесін азайтуды, жасырын комиссиялардың болмауын көздейді. 

Жаңа ережеге сәйкес несиенің ең жоғары мөлшері жылдық тиімді сыйақы сыйақы мөлшерлемесі арқылы шектеледі. Бұл көрсеткіш тек пайызды ғана емес, сонымен қатар несие беру, шот жүргізу және сақтандыру сияқты барлық қосымша төлемдерді қамтиды. Яғни, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қырыз алушының банкке немесе микроқаржы ұйымына қанша ақша қайтаратынын көрсетеді. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ипотекалық қарыздар бойынша шекті мөлшер жылына — 25%, кепілмен берілетін банк қарыздары — 35%-ға дейін, кепілсіз банк қарыздары — 46%-ға дейін, микронесиелер — 46%-ға дейін, қысқа мерзімді микронесиелер ( 45 күнге дейін) —  күніне 0,3%-дан аспайды, ал жылдық мөлшерлеме 179%-дан жоғары болмауы керек.

«Жылдық сыйақы мөлшерлемесі дегеніміз — несие бойынша адамның нақты бір жылда қанша пайыз төлейтінін көрсететін толық көрсеткіш. Бұл жерде тек қана жарнамадағы пайыз ғана емес, оның ішінде барлық комиссиялар, қосымша төлемдер сақтандыру да соның ішіне кіреді», — деді қаржы сарапшысы Еламан Төлебалды.

Қарыз алушы нені ескеруі керек?

Банк пен микроқаржы ұйымдары қарыз келісіміне қол қойылған күні жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі көрсеткішін белгілеуге міндетті. Сонымен қатар егер қарыздың жалпы құнын шектен асыратын болса несие төлеу кезінде жаңа комиссиялар қосуға болмайды. Мұндай жағдайда шарт заңсыз болып саналады. 5 қаңтардан кейін несие алған адам төлеу кестесін мұқият тексеруі керек. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі шектен  асса, мысалы 47% немесе одан жоғары болса, онда келісім ұлттық банктің талаптарын бұзған болып есептеледі. Мұндай жағдайда шартты қайта қарауын сұрап немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға болады. Алайда бұл ережелер жаңа немесе қайта қаралған келісімдерге қатысты.  Бұрын алынған қарыздар өзгеріссіз қалады. 

«Қарыз алушы тек жарнамадағы пайызды емес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қарауы керек. Себебі дәл осы көрсеткіш несиенің нақты қанша пайызға түсетінін көрсетеді. Сол себептен қарыз алушы ең бірінші қарыз алатын кезде келісімшартты  толықтай оқып, сол жердегі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсеткізуі керек. Егер ол 46% -дан асатын болса, қарыз алушының шағымдануға құқығы бар», — деді қаржы сарапшысы Еламан Төлебалды.

Осы ережелермен қатар банк пен микроқаржы ұйымдарынан қашықтан несие алу тәртібі қатаңдайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа биометриялық тексеру ережелерін бекітті. 

Бұл құжат 2024 жылғы бұрынғы тәртіптің орнына енгізілді. Енді онлайн несие алғысы келген адам алдымен бет-бейнесі арқылы биометриялық тексерудее өтеді. Тексеру ұялы телефон немесе компьютер арқылы жүргізіледі. Арнайы бағдарлама адамның тірі екенін анықтау үшін бірнеше тапсырма береді. Басын бұру, көзін жыпылықтату немесе бет қимылын жасауы қажет. Егер бұл тапсырмалар орындалмаса, тексеріс қайта жасалады. Үш рет сәтсіз болса, өтпеді деп есептеледі Алынған бейне дерекқордағы немесе мемлекеттік дерекқордағы арнайы суретпен  салыстырылады. Тексерістің барлық кезеңі тіркеліп отырады. Нәтижесі бойынша электронды құжат жасалады. Ол электронды қолтаңбамен расталып,  банк немесе микроқаржы ұйымдарының кеңесінде сақталады. 

Ал алғаш рет несие алаты адам онлайн қарыз рәсемдей алмайды. Міндетті түрде банк бөлімшесіне баруы керек. Бұл қадам алаяқтықтың алдын алу үшін енгізілді.

«Қазір несие алатын кезде биометриялық тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Міндетті түрде жеке тұлғасын, бет-әлбетін және басқа да биометриялық белгілерін анықтау басталады. Бұл бөтен адамдардың атынан несие рәсімдеуді болдырмау үшін енгізілген», — деді қаржы сарапшысы Еламан Төлебалды.

Еске сала кетсек, енді елімізде 18 жасқа толған азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы арқылы жиналған қаржыны бірден пайдалана алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →