×

Доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті

Доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті
Gettyimages.ru

4 ақпанда Қазақстан қор биржасы өткізген сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 498,65 теңге деңгейінде бекіді. Бір күн ішінде ұлттық валютаға қатысты доллар бағасы 4,4 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдегі айырбастау орындарында шетел валюталары мынадай бағамен саудаға салынып жатыр:

  • АҚШ доллары – сатып алу 496–499 теңге, сату 500–503 теңге;

  • Еуро – сатып алу 585–591 теңге, сату 593–597 теңге;

  • Рубль – сатып алу 6,41–6,45 теңге, сату 6,5–6,55 теңге.

Сонымен бірге, ICE алаңында Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерстері бір баррель үшін 67,75 доллар шамасында саудалануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →