×

Қазақстандағы инфляция деңгейі төмендеді

Бақылаулар 537 позиция бойынша жүргізіледі

Қазақстандағы инфляция деңгейі төмендеді
Ашық дереккөздерден

Қазақстандағы инфляция деңгейі 2026 жылғы қаңтардағы 12,20 пайыздан ақпан айында 11,70 пайызға дейін төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы ақпандағы инфляцияның айлық деңгейі1,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,3%, ақылы қызметтер 1%,  азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9% қымбаттады.

Азық-түлік өнімдері арасында қиярдың бағасы – 3,9%, басты пияз – 3,2%, апельсиндер – 0,9%, тауық – 0,6%,   сүйексіз сиыр еті 0,2­ % төмендеген. Бұл ретте консервіленген жүгері бағасы 8,6%, минералды су – 6,8% көтерілді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде кір жуатын машиналар бағасы 7,4%,  стерильді таңғыштар – 3,8%, электр шайнектер – 2,6%, смартфондар 1,7% арзандаған. Бағаның өсуі үтiктеуга арналған тақтайға – 12,4%, стакандар жиынтығына – 8,9%, кір жуу ұнтағына – 1,5% байқалды.

Ақылы қызметтер саласында кинотеатр қызметтері 2,2%, фотографтар қызметі ­0,5%  қымбаттаған.

2026 жылғы ақпандағы жылдық мәндегі инфляция 11,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,6%, ақылы қызметтер – 10,8% өскен.

Жылдық мәнде көк шөптер (көк пияз, аскөк, ақжелкен) – 7,6%, кәді – 6,2%, күріш –  4,3%, қырыққабат – 1,5%  арзандады. Мейіз – 8,8%,  тәтті печеньелер – 8,5%, бал – 7,2%, құрма 5,8% қымбаттады.

2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда душқа арналған гельдің бағасы – 15%, цемент – 11,2%,  жуу және тазалау құралдары – 9,3%, түсқағаз желімінің бағасы 5,7% өскен.

Қызметтер арасында киім тазалау – 14,5%, косметолог қызметтері – 12,7% жаттығу залдарының қызметтері (абонемент) 10,1% қымбаттаған.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →