×

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады
Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық ставканы жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Пайыздық дәліз +/- 1 пайыздық тармақ деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Реттеушінің мәліметінше, бұл қадам макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды раунды мен инфляция тәуекелдерінің балансына негізделген. Ақпан айында жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеп, Ұлттық банктің күткеніне сай болған. Азық-түлік (12,7%), азық-түлік емес тауарлар (11,6%) және ақылы қызметтердің (10,8%) бағасы да бәсеңдеу қарқынын көрсетті.

«Инфляцияның төмендеуіне ақша-кредит жағдайларының қалыпты қатаңдығы, теңге бағамының нығаюы, кепілсіз тұтынушылық несиелеудің баяулауы, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы шаралары ықпал етуде. Соның ішінде коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасын өсіруге қойылған мораторийдің үлесі зор», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, реттеуші айлық инфляцияның ақпанда 1,1%-ға дейін жеделдегенін де назардан тыс қалдырмады. Ал ҚҚС (НДС) мөлшерлемесінің көтерілуі инфляцияға шектеулі деңгейде ғана әсер еткен.

Базалық ставка бойынша келесі жоспарлы шешім 24 сәуірде жарияланатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Біз де үнемдеп жатырмыз»: Жұманғарин жалға алу бағасы аспандап тұрғанда кәсіпкерлерге кеңес берді
04.03.2026ж. 13:22

«Біз де үнемдеп жатырмыз»: Жұманғарин жалға алу бағасы аспандап тұрғанда кәсіпкерлерге кеңес берді

Министр Үкіметтің өзінен үлгі алып, шығындарын азайту арқылы жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңін өткеру қажеттігін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →