×

АЭС энергетикалық тәуелсіздіктен құтқара ма?

Сарапшылар Қазақстан үшін бір АЭС-тің жеткіліксіз екенін де айтып жүрген

АЭС энергетикалық тәуелсіздіктен құтқара ма?
Сгенерировано ИИ

Елімізде АЭС салу мәселесі талай жылдан бері көтеріліп келді. Алайда, көптің талқылауына соңғы үш-төрт жылдың көлемінде ғана ұсынылды. Қоғамда түрлі пікір айтылды. Бірінші топ энергия тапшылығы түйткілімен бетпе-бет келген Қазақстан үшін АЭС салудың маңыздылығы туралы тілге тиек етсе, екінші топ оның қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түптеп келгенде, билік энергия көзінің шамадан тыс жұмсалып жатқанын алға тартып, оны шешудің бір ғана жолы – АЭС салуды қажет деп тауып, референдум өткізуге шешім қабылдады. 2004 жылдың 6 қазанында өткен республикалық референдум нәтижесі бойынша тұрғындардың 71 пайыздан астамы АЭС салуды құп көрген. Бұдан кейін алғашқы АЭС салатын орынды анықтау мәселесі де шешілді. Әрине, атам станциясын салу жөнінде әңгіменің шеті шыққан кезде-ақ бұл орынға Алматы облысының төңірегі лайық деп танылған болатын. Ал  мемлекет шешімі бойынша алғашқы АЭС құрылысы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында басталатын болды. Оған арнайы байқаудың нәтижесінде «Балқаш АЭС» атауы таңдалды.

Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстан үшін бір АЭС-тің жеткіліксіз екенін де айтып жүрген. Себебі еліміздің халқы тығыз қоныстанған әрі шағын және орта кәсіпкерлік дамып келе жатқан оңтүстік өңірі қазірдің өзінде энергия тапшылығы мәселесін сезе бастады. Сол себептен бірден екі АЭС салу керектігі күн тәртібіне алынды.

Бұл тұрғыда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз пікірінде экономиканы тұрақты дамыту үшін бір ғана АЭС жеткіліксіз, сондықтан екінші, тіпті үшінші атом станциясының құрылыс жұмысын жоспарлап, кірісіп кеткен жөн» деген болатын. Сонымен, орны белгіленіп, екінші АЭС те Алматы облысынан бой көтеретін болды. Біріншісін – РосАТОМ, екіншісін қытайлық вендер салатыны нақтыланды. 

Ал атом электр станциясының іргетасы 2025 жылдың 8 тамызында ресми түрде қаланып, құрылыстың басталғаны туралы хабарланды. Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, негізгі құрылыс жұмысы 2029 жылы басталып, шамамен он жылға созылуы мүмкін.

 Ғылым академиясына қарасты Металлургия институтының сирек кездесетін элементтер зертханасының инженері Ермек Қожамсүгіровтің пікірінше, АЭС салынса экономиканың дамуына серпін береді.

«Себебі, энергия көзін сатып алмаймыз, өзіміз өндіреміз. Одан бөлек АЭС қаншама маманға жұмыс орны. Қазір жоғары оқу орындарында атом энергетика саласы мамандығына жастар көптеп келіп жатыр. Олар білім алып, шыңдалып, тәжірибе жинағанша алғашқы АЭС те пайдалануға беріліп қалады. Әр атом электр станциясында шамамен 4 мың адам жұмыс істейді десек, оған қосымша 40 мың жұмыс  орны ашылады деген болжам бар», – дейді Ермек Әмірұлы.

Сондай-ақ, Металлургия институтының сирек кездесетін элементтер зертханасының инженері Ермек Қожамсүгіров Қазақстан энергия тапшылығы мәселесінен құтылуы үшін бір емес, үш-төрт АЭС-тің керектігі анық дейді.

«Әлемдегі геосаяси жағдайлар мен толқулар мұнай мен газға, көмірге ғана арқа сүйеуге болмайтынын көрсетті. Мұнай тасымалы, өндірісі мәселесінде түйткіл туындаса, мұнай тапшылығына орай әлем энергетикалық ғана емес, экономикалық дағдарысқа тап болуы мүмкін. Сондықтан да энергетикалық қауіпсіздік – Қазақстан мемлекетінің ең басты ұлттық қауіпсіздігі. Біз электр көзі мен энергияны әртүрлі көзден алып, тұтынуымыз керек. Мәселен, мазут арқылы өндірілетін жылу электр станцияларынан, көмір отынынан,  газдан, жасыл энергия көздерінен ғана емес, тұрақты энергия көзі генерациясы – АЭС-тен де алған тиімді», – деген пікірін жеткізді.

Шын мәнінде, елімізде электр энергиясына деген сұраныс артып отыр. Оған өндіріс ошақтарының, халық санының өсуі мен цифрландыру жұмысының қарқын алуы әсер етуде. Осы тұрғыда мамандар экологияны зияны бар көмірге деген тәуелділіктен айыратын бірден-бір жол атом энергетикасы екенін алға тартады. Ал қауіпсіздік жағына келсек, «бүгінгі жаңа буын реакторлары қорғаныс жүйелерінің арқасында төтенше жағдайды болдырмаудың алдын алады» деп сендіреді мамандар.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →