×

Оралда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Оралда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Скриншот

Оралда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Ер адамдар қолына таяқ ұстаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқырмандар редакцияға жіберген оқиға Шолохов көшесіндегі қалалық жанармай құю бекеті аумағында видеоға түсірілген.

Кадрларға қарағанда, алдымен ер адамдар тобынан екі жігіт қашып шығады, қалғандары артынан қуады. Кейін қуып жеткендердің бірі алдын ала мәлімет бойынша, пневматикалық қару алып, қарсыласын екі рет атады. Кейін олар жерге құлаған жігітті ұра бастайды. Бірнеше соққыдан кейін ол орнынан тұрып, қашып шығады.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство бұл оқиғаның алдында түнгі мекемелерінің бірінде жанжал болғанын хабарлады.

"Таңғы сағат 5-те түнгі клубқа ер адам келген, бірақ оның мас әрі агрессивті болуына байланысты оны күзетшілер кіргізбеген. Одан кейін ер адам келуші мен күзетшіге пышақ салады. Бір топ адам мен күзет қызметі пышақ ұстаған ер адамды жанармай құю бекетінде ұстап алған, полиция қызметкерлері келгенге дейін оны соққыға жыққан", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Ер адамға қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мекеменің күзетшілеріне қатысты бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды, олардың біреуі УҰИ-ға орналастырылды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →