×

Алматы метросындағы иттер жолаушыларды қорқытты

Куәгерлердің айтуынша, иттер ауыз тұмылдырықсыз жүріп, көпшілікке үрген

Алматы метросындағы иттер жолаушыларды қорқытты
Сурет: CMN.kz

7 қарашада Алматы метрополитенінің жолаушылары станцияларда қызметтік иттері бар кинологтардың көптігінен бірі қатты қорқып кейбірі таң қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CMN.KZ-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, иттер ауыз тұмылдырықсыз жүріп, көпшілікке үрген. Алайда, метроға келушілердің кейбіріне мұндай күтпеген кездесу ұнап қалған. Олар иттердің қасына келіп еркелетіп, суретке түсірген.

“Іс-шара терроризмге қарсы жаттығулар аясында өтуде.  Бүгінде бірнеше станцияда жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген иттермен кинологтар оқу-жаттығу сабағын жүргізіп жатыр. Бұл ретте пойыздардың қозғалысы тоқтаған жоқ, ал станциялар әдеттегідей жұмыс істеп жатыр”, – деді Метро арнайы күзеті мамандары.

Айта кету керек, қала тұрғындарына бұл іс-шара туралы еш жерде ескертілмеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →