×

Жаңаөзендік 11 баланың анасы Тик-Токтағы видеосы үшін сотталды

Оған қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын

Жаңаөзендік 11 баланың анасы Тик-Токтағы видеосы үшін сотталды
Сурет: Бейнежазбадан кадр

Жаңаөзендік 11 баланың анасы Тик-Токтағы видеосы үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің «телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жып шартты жазаға кесілді. Сондай-ақ, ол қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Және тұрғынға үш жылбойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

“Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде «Tik-Tok» әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын» әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған деп танып,  кінәлі деп тапты. Айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кесті. Сондай-ақ, азаматша Жадыра Досекеева жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады», – делінген сот шешімінде.

11 баланың анасына қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. 

«Соттолушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да қужаттарымен дәлелденді. Сот, Жадыра Досекеева-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауалкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →