×

ҰҚК Алматы мен Алматы облысында діни-экстремистік әрекеттер ұйымдастырды деген күдіктілерді ұстады

Олардың төртеуі бұрын сотты болған

ҰҚК Алматы мен Алматы облысында діни-экстремистік әрекеттер ұйымдастырды деген күдіктілерді ұстады
Фото: ҰҚК

ҰҚК Алматы мен Алматы облысында адамдар ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 7 қарашада ҰҚК Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдарының қатысуымен Алматы, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандықты ұстады.

"Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқандығы белгілері бойынша 17 адамға "шығуға болмайтындығы туралы қол қою" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.

Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін соттылы болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →