×

«Бұл зоопарк емес»: депутат Бишімбаевтың колонияда отырған фотосы неге көрсетілмейтінін айтты

Оның айтуынша, мұның бәрі азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты

«Бұл зоопарк емес»: депутат Бишімбаевтың колонияда отырған фотосы неге көрсетілмейтінін айтты
Фото: ашық дереккөздерден

Сенат депутаты Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың колонияда отырған фотосы неге жарияланбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, мұның бәрі азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты.

«Тіпті жазасын өтеп жүрген азаматтың да құқықтары болады. Егер ол өзін жұртқа көрсеткенді қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды, әрине. Дөрекі естілсе де айтайын, қанша дегенмен де күш құрылымының қызметкерімін ғой, бұл сіздерге хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек», - деді Марат Қожаев.

Сенатор Бишімбаев Степногорск қаласында қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда отырғанын айтты. Оның сөзінше, Бишімбаев түрмеде отырса да «журналистер хайп үшін бір аптадан бері осы мәселе төңірегінде шулап жүр».

«Оның қайда қамалғаны жұмбақ болмаған. Журналистер тексерілмеген ақпараттарды таратасыздар да бізге сұрақ қоясыздар. Ол ақпаратты Сенат таратқан жоқ, ҚАЖК таратқан жоқ. Оны біреу ақпараттық кеңістікке таратты, сіздер одан дау тудырдыңыздар. Ал, қазір анықталғаны, ол жазасын түрмеде өтеп жатыр», - деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →