×

“Алматы Арена“ мен “Халық Арена“ мемлекет меншігіне қайтарылды

"Антикор" спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді

“Алматы Арена“ мен “Халық Арена“ мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: tiketon

Алматыдағы "Алматы Арена" және "Халық Арена" спорт нысандары жеке меншік иелерінен мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Алматы қаласында коммуналдық меншікке "Халық Арена" және "Алматы Арена" нысандары қайтарылды. Бұған дейін олар МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) аясында жеке ұйымның басқаруында тегін пайдалануға берілген еді", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

2017 жылы өткен Универсиаданы өткізу мақсатында салынған мұз айдындары 2019 жылы жеке меншікке берілді. "Антикор" спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Орталық деңгейде талдау туризм және спорт министрлігінің қызметіне, ал өңірлік деңгейде спорт және дене шынықтыру басқармаларының жұмысына қатысты жүргізілді.

"Атырау облысында 2018 жылы негізсіз жеке кәсіпкерге берілген "Мұз сарайы" спорт нысаны мемлекетке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайта өтті. Шымкентте жеті жыл бұрын 120 миллион теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің 67% үлесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді Бигайдаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →