×

Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушісі жүкті болып қалған

Облыстық білім беру басқармасының аталмыш дерекке қатысты пікір білдірді

Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушісі жүкті болып қалған
Фото: depositphotos.com

Павлодарда балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды. Үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, облыс орталығында балалар үйінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр болып қалғаны туралы ақпаратты бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова растады.

«Қыз 16 жасқа келді. Ол зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Өзара келісім бойынша байланысқа түскенін айтады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ол келісім беретін жасына кірді. Тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Жасөспірім мен баланың әкесі арасында неке қиылды»,– деді Сәуле Шәкенова.

Облыстық білім беру басқармасының аталмыш дерекке қатысты пікір білдірді.

«Тәрбиеленушінің 3 апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша қамқоршысы, орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді»,– деді басқармада.

Жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызға кәмелетке толмаған ер баланың ата-анасы қаржылық көмек көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда ауыр жүк көлігі мектепке соғылды
Бүгін, 11:34

Оралда ауыр жүк көлігі мектепке соғылды

Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда
Қорды алғаш Астана қаласының Әділет департаменті 2021 жылы қарашада тіркеген
Алдымен бұл ақша дропперлердің көмегімен алынған
"Антикор" спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →