×

Астанада өртенген үйден бір үйдің 4 баласының денесі табылды

Оқиға орнына құтқарушылар 6 минутта жеткенімен, балаларды құтқарып қала алмады

Астанада өртенген үйден бір үйдің 4 баласының денесі табылды
Сурет: Бейнеден кадр

Өрт салдарынан балалардың қаза болу фактісі бойынша Астанадағы екі қабатты жеке үйде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

17 қараша күні таңертең жеке тұрғын үйден өрт шығып, шатыры құлаған. ТЖД қызметкерлеріне хабарлама түскеннен кейін 6 минуттан кейін оқиға орнына келген құтқарушылар өртті толығымен сөндіргенімен балаларды құтқарып қала алмады. Қайтыс болған балалардың үлкендері 13 және 9 жаста, кішілері 3 және 2 жаста болған. Өрттің себептері анықталуда. Қаза тапқан балалардың жақындарына  медицинасы орталығы мен Астана ТЖД-нің психологтары көмек көрсетіп жатыр.

“2024 жылғы 17 қарашада сағат 09: 04-те "101" пультіне "Сарыарқа"ауданындағы екі қабатты үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрам 6 минутта жеткен. Барған кезде үйдің төбесі толығымен жанып кеткен. Оқиға орнынан 4 баланың денесі табылды. Өрт сөндіруге 8 көлік пен 36 жеке құрам жұмылдырылды. Сағат 09:58-де өрт оқшауланып, 10:44-те жойылды. Өрт шыққан үйде екі отбасы тұрған. Бір отбасының 4 баласы қаза тауып отыр. Ал екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды”, – деді Астана қаласы ТЖД "СЖИ АСР" РММ бастығының  міндетін атқарушы Бақытжан Мәуленбердиев.

Елорда әкімдігі зардап шеккен отбасыларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жәбірленушіні төмен түсіріп, медициналық көмек көрсетілді
Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →