Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен – Самар тасжолының 75-шақырымында жарылғыш зат тиелген VOLVO жүк көлігі жарылды. Оқиға Асубұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Төтенше жағдай сағат 15.00 шамасында облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, "Вольво" жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.
Жарылыс салдарынан салондағы жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады полиция департаменті .
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі "Industrial Explosivers" ЖШС-не тиесілі.