×

Астанада төрт бала өрттен көз жұмды: қала әкімі Жеңіс Қасымбек отбасылар жайлы тың дерек айтты

Астанада 17 қараша күні жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болған еді

Астанада төрт бала өрттен көз жұмды: қала әкімі Жеңіс Қасымбек отбасылар жайлы тың дерек айтты
Фото: Qaz365.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада өртеніп кеткен 4 баланың оқиғасы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік Астанада 17 қараша күні жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болған еді. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жеткен. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілген. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапқан.

Астана қаласының әкімі зардап шеккен екінші отбасына уақытша жатақханадан орын берілгенін хабарлады. Өртенген коттедж үйді екі отбасы жалдап тұрған. 

«Қазіргі таңда олардың тұрғын үй мәселелері шешіліп жатыр», – деді Жеңіс Қасымбек бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу алдында.

Осындай қайғылы оқиға аз уақыт бұрын Қостанай облысында болған еді. Ол жағдайда бес бала өрттен көз жұмған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →