×

Шымкентте сирек кездесетін арыстан абданын сатпақ болған азамат ұсталды

Сирек кездесетін жануар 20 қараша күні автокөліктің жүк салғышынан табылған

Шымкентте сирек кездесетін арыстан абданын сатпақ болған азамат ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Шымкентте полиция сирек кездесетін арыстан абданын сатпақ болған түркістандықты ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz

20 қараша күні полицейлер жануарды Түркістан облысы тұрғынының автокөлігінің жүк салғышында тапты.

“Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді”, – делінген Шымкент полиция басқармасының хабарламасында.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 
103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →