×

Ақтауда қызды аяусыз ұрып-соққан күдікті ұсталды

Іс бойынша тергеу жалғасады

Ақтауда қызды аяусыз ұрып-соққан күдікті ұсталды
Фото: Маңғыстау облысы ПД

Ақтауда қызды аяусыз ұрып тастаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деп күдіктелген ер адамды анықтап, ұстады.

Прокуратураның нұсқауы бойынша күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам қызды аяусыз ұрған видео тараған болатын.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, оқиға Ақтаудағы дәмхананың алдында болған. Кадрларда ер адам қызға қол көтеріп, жерге құлатқаны көрінеді. Кейін оқиға куәгерлері қызға ара түскенімен, ер адам оны алып кетеді.

"Қыздың ерні жыртылып, көзі ісіп, денесі көгеріп, өлім аузынан қалған. Құрбыларының айтуынша, жігіт бірнеше айдан бері қыздың ізінен қалмайды, аңдиды. Жәбірленуші талай арыз жазғанымен, полиция ешқандай шара қолданбайды, себебі ол жігіттің органдарда жұмыс істейтін досы бар екен. Жәбірленуші қыздың құрбыларына шығып та қорқытқан", - деп жазылған әлеуметтік желідегі топтардың бірінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →