×

Майқайыңда оқушы қыз зорланғанын ата-анасына айтқан, алайда олар сенбеген – облыс әкімі

Аймақта балаларға қатысты 30 факт тіркелген, дейді әкім

Майқайыңда оқушы қыз зорланғанын ата-анасына айтқан, алайда олар сенбеген – облыс әкімі
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жуырда Мақайыңда зорланған оқушы қызға қатысты оқиға бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің айтуынша, бұл факт осыдан бірнеше жыл бұрын тіркелген. «Осындай сұрақ қойылатынын білген соң, слайд әзірлеп әкелдім» деген Байханов балалардың зорлық-зомбылығына қатысты статистика ұсынды.

«Аймақта балаларға қатысты 30 факт тіркелген. Оның ішінде 8 бала екеуара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. 22 бала зорланған. Соның ішінде, 25 бала үйінде зорлық көрсе, бес бала үйінен тыс жерде зорлық көрген (екі статистикада да өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен балалар бар)», - деді облыс әкімі.

БАҚ өкілдері облыс әкімнен балаларын тиісті деңгейде қорғамағаны үшін ата-аналар қандай да бір жауапкершіліке тартыла ма деп сұрады.

«Әрине ата-аналар жауапты, оған келісемін. Жалпы, отыз оқиғаға назар аударсақ, оның ішінде әртүрлі жағдай бар. Мысалы, Майқайыңда болған оқиғада қызы зорлық көргенін анасына айтқан. Шешесі сенбеген. Қыз бала өгей әкесімен бірге тұрған. Сондықтан, ол туған әкесіне барып зорланғанын айтқан. Бірақ, ата-анасы қыздарының сөзін елемей, ешөандай шара қолданбаған, тексермеген», - деді Асайын Байханов.

Айта кетейік, Павлодар облысының Майқайың ауданында 13 және 15 жастағы ұл мен қыз баланы екі ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →