×

Су тасқынымен күреске 200 жанұяға деп бөлінген қаржы жымқырылған

Қаржы 200 жанұяны көшіру үшін 100 пәтерлі екі үй салуға бөлінген

Су тасқынымен күреске 200 жанұяға деп бөлінген қаржы жымқырылған
Сурет: baribar.kz

Су тасқынымен күреске бөлінген 300 млн теңгені ұрлағандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Ақмола облысының арнайы прокурорлары 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

“Аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін 100 пәтерлі екі үй салуға бөлінген. Екі күдікті ұсталып, үшіншісі үйқамаққа алынды.Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банктық шоттарда 50 млн теңгеден астам ақшалай қаражат табылды”, – делінген Ақмола облыстық прокуротурасы хабарламасында.

Қазіргі таңда тыйым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 млн теңгеден асып кеткен. Бөлінген қаржыдан да асырып алып қойған шенділердің ісі қатаң тексеріліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →