×

12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу керек - Балалар омбудсмені

2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелген

12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салу керек - Балалар омбудсмені
Сурет: zakiyevadinara/ instagram

Қазақстандағы Балалар омбудсмені Динара Закиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ол Әлеуметтік желідегі парақшасында Ақмола облысында өрттің салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы жағдайға жауап ретінде жазба жариялаған

"Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын.Әрине, сонымен бірге қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет көздеген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет", – деп жазды ол.

Осылайша ол Ақмола облысында өрттің салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы жағдайға жауап берді. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда балалар қаза тапқан 15 өрт тіркелді және осы жағдайлардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Министрліктер үйінің алдында автобус өртенді
Бүгін, 19:54

Астанада Министрліктер үйінің алдында автобус өртенді

Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болды
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр
Тұрғынды алдаған алаяққа тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →