×

СҚО-да маскүнем анасын ұрып өлтіргені үшін сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

СҚО-да маскүнем анасын ұрып өлтіргені үшін сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

СҚО сотының мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде анасын өлтірді. 

Б.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Зертханадағы сынақ жасайтын қоян емес»: Әділетхан Молдаханның жақындары президентке үндеу жасап, араша сұрады
Бүгін, 17:15

«Зертханадағы сынақ жасайтын қоян емес»: Әділетхан Молдаханның жақындары президентке үндеу жасап, араша сұрады

«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр
Бұған дейін Мұрат Әбенов белгілі заңгер Әділет Молдаханның ұсталуына байланысты «назарымда болады» деп мәлімдеме жасаған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →