×

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған мерзімін колонияда өткізетін болды

Сот шешім шығарды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған мерзімін колонияда өткізетін болды
Фото: instagram.com/pro.pravo.kz

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат жазасын түрмеде өтейді. Апелляциялық сот бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сот шешімін күшінде қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Өзгеріссіз қалдырылды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Нұрасыл Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Алайда кейін шартты мерзімде жүрген Нұрасыл Болат пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені түсірілген видео жарияланып кеткен еді.

Осы дерекке байланысты пробация қызметінің өтініші қаралып, Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Кейін бас бостандығынан айырылған Нұрасыл Болат сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргені айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →