×

Алматы әуежайында оғаш қылық жасаған ресейлік әйел ұсталды

Оқиға Мәскеу-Алматы рейсінің келуінен кейін болған

Алматы әуежайында оғаш қылық жасаған ресейлік әйел ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы әуежайының көлік полициясы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 жастағы Ресей азаматшасын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Мәскеу-Алматы рейсінің келуінен кейін болған. Әйел ұшу кезінде агрессивті және орынсыз әрекет көрсеткен. Ол әдепсіз сөздер айтып, экипаждың ескертулерін елемей, тәртіпті сақтау талаптарын орындаудан бас тартқан.

"Әйел ұсақ бұзақылық және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 25 АЕК (92 300 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деп мәлімдеді көліктегі полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Мадияр Айтуғанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →