×

Талғар қаласының маңынан Шерзат Болаттың ағасының мәйіті табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады

Талғар қаласының маңынан Шерзат Болаттың ағасының мәйіті табылды
Коллаж: Qaz365.kz

Талғардың шетінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру ісімен байланысты ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған. Марқұмның биыл 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.  Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады», - делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын айтады.   

«Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзет қызметкерлерінің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адамның күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке автокөлікпен кеткені анықталды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Бүгін, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →